2022 жылғы 15-18-ші қараша аралығында Ualikhanov university барлық курстарының студенттері үшін «Қазақ халқының патриоттық рухын дәріптейтін Ілияс Есенберлин» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.Ілияс Есенберлиннің шығармалары көтерілген мәселелердің маңыздылығымен және оларды шешудің батылдығымен ерекшеленеді. 1969-1973 жж. ол өзінің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясын жазды. Онда қазақтардың батыл күресі мен ұлтаралық соғыстар тарихы, сатқындық пен халыққа адалдық тарихы жазылған. «Көшпенділер» трилогиясынан кейін «Алтын орда», «Қауіпті өткел» тарихи шығармалары, «Алтын құс», «Айқас» және тағы басқа романдары дүниеге келді.Жазушы кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылуының арқасында адамдар қазақ халқы мен оның батырлық тарихы туралы танып білді. Қазіргі уақытта да оның шығармалары өскелең ұрпақ арасында өте танымал.