2025 жылдың 17 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Үздіксіз білім беру институты Жоғары медицина мектебінің оқытушыларына арналған "Клиникалық сценарийді әзірлеу әдістемесі. Стандартталған пациент. Практикалық дағдыларды бағалау " м. ғ. д., профессор Құлсары Рүстембекқызы Рүстемованың жетекшілігімен курсын ұйымдастырды.Оқыту барысында клиникалық сценарийлерді құрудың, стандартталған пациенттің әдістемесін қолданудың және медицина мамандарының практикалық дағдыларын бағалаудың негізгі принциптері игерілді. Алынған білім мен тәжірибе білім беру процесінде және кәсіби дамуда симуляциялық әдістерді тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді.Курс ұйымдастырушысына құнды білімі мен жаңа мүмкіндіктері үшін алғыс айтамыз!