2024 жылғы 19-20 сәуір аралығында Ualikhanov University-дегі "Ғылымдағы жастар жылы" бағдарламасының қолдауымен "Шет тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары Барыбина Виктория, Жүсіп Нұрай және Қаппас Диана М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында өткізілген студенттер, магистранттардың және жас ғалымдардың "Ломоносов-2024" XIX Халықаралық ғылыми конференциясының жұмысына қатысты. Бұл конференция Мәскеу университеті өткізетін "Ломоносов-2024" Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және Мәскеу университетінің 270 жылдығына арналған. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, ҚХР-дың 50 жоғары оқу орнынан 250-ден астам баяндамашы қатысты.
"Филология ғылымының өзекті мәселелері" секциясының 6.4 кіші секциясында "Қазақстанның көптілді білімі: мәдениетаралық коммуникация, лингвистика, аударматану және әдістеме" секциясында Виктория Барыбина сөз сөйлеп, 1 жүлделі орынға ие болды. Баяндама тақырыбы: "7 сынып оқушыларының ағылшын тілін үйренудегі маңызды дағды ретінде бейнелі ойлауды дамыту". Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор Жақыпова Айгүл Досжанқызы. Сонымен қатар, Жүсіп Нұрай және Қаппас Диана 6.3 "Қазақ филологиясы мен лингводидактикасын дамытудың мәселелері мен перспективалары" кіші секциясында "Студенттің тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалиптастыру" тақырыбындағы баяндамамен 3-орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі: PhD, профессор Дальбергенова Ләззат Елемесқызы.
Біздің магистранттар мен ғылыми жетекшілерді жүлделі орындармен құттықтап, ғылыми жетістіктер тілейміз!