2023 жылдың 20-21 сәуір аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің командасы Назарбаев Университетінің базасында "Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту" халықаралық жобасының қорытынды семинарына қатысты. Семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, Финляндия университетінің Hame University of Applied Sciences өкілдері және Назарбаев Университетінің негізгі сарапшылары қатысты.
Бұл жобаны А. Ваудтың жетекшілігімен Дүниежүзілік банк қадағалайды.Семинар барысында педагогикалық білім берудің жаңа моделі және білім беру бағдарламаларын іске асыру нәтижелері талқыланды. Қазақстандағы педагогикалық білімнің болашақтағы дамуы мен пайымы белгіленді. Семинар соңында педагогикалық әзірлеушілерге және ЖОО командаларының мүшелеріне сертификаттар табысталды.