2025 жылдың 24-28 ақпан аралығында «Клиникалық пәндер» кафедрасында...
2025 жылдың 24-28 ақпан аралығында «Клиникалық пәндер» кафедрасында «Геронтология» пәні аясында 7 курс интерндеріне дәріс оқылды. Дәрстерді Астана медицина университетінің доценті , PhD Смағұлова А.Қ. оқыды
- Сабақтар барысында геронтологияның негізгі аспектілері қарастырылды:
- Гериатрия және геронтология: үлкен жастағы топтардың анықтамасы, классификациясы. Қартаю процесінде адам ағзасындағы өзгерістер. Науқасты сұрау және қарау алгоритмі.
Кешенді гериатриялық бағалау. Функционалды күй. Бағалау шкаласы – когнитивтік және психикалық статус. Эмоциялық және әлеуметтік статусты бағалау.
Егде жастағы науқастарға арналған фармакотерапияның ерекшеліктері. Полифармация және жағымсыз дәрілік реакциялар.
Қартайған кезде жүріс, бас ауруы, бас айналу, құлау, естен тану , ұйқының бұзылуы.
Кәрілік астения және саркопения . Егде жастағы адамдарда дұрыс тамақтанбау синдромы . Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы. Тамақтану жағдайын бағалау . Басқару тактикасы.
- Дәрістер интерндерге гериатрия саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді, бұл болашақ жалпы тәжірибелік дәрігерлер үшін өте маңызды.
- Смағұлова А.Қ. болашақ мамандарға берілген кәсіби шеберлік пен құнды білім үшін алғысымызды білдіреміз!