024 жылғы 27-29 қараша аралығында Астана қаласында «Qazaqstan Medisina Jastary» еріктілер қозғалысының республикалық форумы өтті, оған Медицина жоғары мектебінің 2-3 курс студенттері Айза Нұғыманова, Темірлан Кеңесов және Карина Қожахмет қатысты - олар денсаулық сақтау саласындағы волонтерлік қызметті дамытуға арналған іс-шараға облыс атынан қатысты.

Форумда үздік волонтерлер марапатталып, денсаулықты сақтаудың заманауи әдістері талқыланып, Қазақстан жастарына арналған алғашқы медициналық бал өтті.

Шара волонтерлерді, сарапшыларды, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинап, тәжірибе алмасу мен жаңа жобаларға шабыт беретін маңызды алаңға айналды.