28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Ualikhanov University-де 1 курс студенттері үшін бағдарлау апталығы өтуде. Осы кезеңде білім алушылардың академиялық және әлеуметтік бейімделуі үшін факультет декандарымен және құрылымдық бөлімше басшыларымен кездесулер ұйымдастырылады.

Проректорлар, кафедра меңгерушілері және оқытушыларымен кездесу барысында бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.