2025 жылдың 28 сәуірінен бастап Жоғары медицина мектебінің 4-курс студенттері Тайлаков Жандос, Нурбаева Албина және Түлепберген Сандуғаш академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында білім алуда.Студенттер жаңа клиникалық ортада тәжірибе жинақтап, кәсіби көкжиегін кеңейтіп, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.Бұл бағдарлама жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға, академиялық беделді арттыруға және білім беру ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы — медициналық білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіби дамуына қосылған үлес.