2022 жылғы 29 қараша мен 03 желтоқсан аралығында ректор МаратСырлыбаев бастаған Ualikhanov University делегациясы Оңтүстік Кореяның Тэджонжәне Сеул қалаларындағы 5 жоғары оқу орнына барды. Делегация құрамынаакадемиялық мәселелер жөніндегі проректор Нұрлан Медетов жәнеинтернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректорЖайлагүл Сағындықова болды.
Сапардың мақсаты - өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумдарғақол қою және одан әрі Шоқан Уәлиханов атындағы КУ базасында Корейуниверситетінің филиалын ашу.
Біздің делегация Теджон қаласында Президент Oh Deog-Seong және WoosongUniversity өкілдерімен кездесті. Кездесулер соңында Ualikhanov University пенWoosong University арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы Меморандумғақол қойылды.
Сеулде Sookmyung Women's University президенті Юнкем Чан ханымменкездесу өтті. Университеттер қос бағдарламаларды әзірлеу, студенттер меноқытушылармен алмасу, бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу және педагогикалықбағыттар бойынша шетелдік мамандарды тарту бойынша одан әрі әріптестіктідамытатын болады.
Киберспорт, креативті индустрия сияқты бағыттар бойынша жұмыс істейтін,сондай-ақ судың сапасын зерттеумен айналысатын Shinhan University-менынтымақтастық жоспарлануда. Сеулде делегация 20 жылдан астам уақыт бойыонлайн режимінде оқытып келе жатқан Seoul 🇰🇿🇰🇷Cyber University-ге барды. Seoul CyberUniversity қызметкерлері болашақ ынтымақтастық аясында зияткерлік білім беруөнімдерін қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісетін болады. Seoul Cyberуниверситетінде 16000 студент оқиды.
Hankuk University of Foreign University (HUFS) 2017 жылдан бастап біздіңЖОО-ның серіктесі болып табылады. HUFS базасында қазақ тілі оқытылатынОрталық Азия тілі мен мәдениеті орталығы жұмыс істейді. Ualikhanov Universityделегациясы Президент Паркпен кездесіп, "Қазақ тілі мен әдебиеті" және "Қазақфилологиясы" бағдарламаларының студенттерімен алмасу бойынша одан әріынтымақтастық мәселелерін талқылады.