2025 жылғы 3–19 қыркүйек аралығында Ualikhanov University профессорлық-оқытушылық құрамы үшін оқыту және бағалау стратегиясы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті
Лекторлар ретінде Astana IT University (Астана қ.) сарапшылары шақырылды: бірінші проректор, профессор Өмірбаев Серік Мауленович, академиялық жұмыс жөніндегі проректор Ақылбаева Гүлвира Советбековна және Стратегия және корпоративтік басқару департаментінің директоры Файзуллин Әділ Рамазанович.
Курс білім беру үдерісін жобалаудың заманауи тәсілдерін және тиімді оқыту стратегияларын әзірлеуді меңгеруге бағытталды. Ерекше көңіл инновациялық оқыту және оқыту әдістеріне, соның ішінде аралас және жобалық оқытуға, сондай-ақ студенттердің білімдері мен құзыреттерін бағалау тәсілдеріне бөлінді. Курс барысында келесі тақырыптар талқыланды: «Оқыту, оқыту әдістері мен бағалау стратегиясын әзірлеу», «Бағалау жүйесін трансформациялау», «Критериалды бағалау», «Оқу нәтижелерін бағалау: тәсілдер, өлшемдер, критерийлер, бағалау», «Студентке бағытталған оқыту, оқыту әдістері мен бағалау» және т.б.
Бағдарлама практикум мен воркшоп форматында өтті: оқытушылар топтық жобалар орындады, пікірталастарға қатысты, ой-пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Курс құнды кәсіби алаңға айналды: оқытушылар жаңа білім алып, практикалық құралдарды меңгерді және Astana IT University сарапшыларымен тәжірибе алмасты.
Ualikhanov University білім беру үдерісін дамыту, оқытушылардың кәсіби құзыреттерін арттыру және еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкес сапалы әрі тиімді білім беруді қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.