2024 жылғы 6-10 мамыр аралығында интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Сағындықова Ж.О. және әлеуметтік-жас ерекшелік педагогикасы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ. к. Шаяхметова А.А. Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің серіктестері екі Литва университетінде - Вильнюстегі Mykolas Romeris University және Каунастағы Lithuanian University of Life Sciences университеттерінде болды.

Университет қызметкерлері халықаралық MRU апталығына қатысып, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультетімен стратегиялық сессиялар өткізді. Білім беру технологияларын басқару бойынша педагогикалық мамандықтар үшін бірлескен магистрлік бағдарлама әзірлейміз, зерттеу жұмысын жалғастырамыз деп шештік және MRU-дағы әріптестер білім берудегі моббингтің зерттеуіне қатысуды ұсынды.