Ынтымақ күні құтты болсын!
Бүгін еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың достығы мен бірлігін, өзара құрметі мен түсіністігін дәріптейтін ерекше мереке - Ынтымақ күні. Бұл күн Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын дәріптейді.
Ualikhanov University - түрлі мәдениет пен көзқарасты біріктіретін үлкен ортақ шаңырақ. Біздің студенттер арасында әлемнің түпкір-түпкірінен келген көптеген ұлт өкілдері білім алып жатыр. Біз бір мақсатқа ұмтылып, университет қабырғасында білім мен достық нәріне сусындап жатырмыз. Ғылым мен білім студенттерімізді біріктіреді.
Ынтымақ пен келісім - жарқын болашақтың кепілі. Еліміз бейбітшілік қыраны астында өркендей берсін, бірлігіміз бекемдей берсін!