Ағымдағы оқу жылынан бастап ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет басшысының мемлекеттік реттеу жүйесін түбегейлі қайта қарау, жаңа реттеуші саясатты іске асыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында іс-шараларды іске асыруда. "Таза парақтан" реттеу саясатын енгізу шеңберінде, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін түсіндіру мақсатында Министрлік ақпан-сәуір айлары аралығында өңірлерде түрлі көшпелі семинарлар өткізеді.
"Ғылым және жоғары білім жүйесіндегі сапа мен сапаны басқарудың жаңа тұжырымдамалық тәсілдері" тақырыбында кезекті семинарды бүгін Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Артур Жауханұлы Еділханов өткізеді. Семинарға Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, сондай-ақ М. Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ азаматтық қорғау академиясының өкілдері қатысты. Семинарда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің соңғы өзгерістері және білім беру жүйесінің тексеру парақтарының мәселелері қаралды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Sayasat Nurbek
Мчс Академия гражданской защиты имени Малика Габдуллина
Талгат Ешенкулов
Гулзада Шакуликова