Бүгін, 2025 жылғы 14 наурызда, "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ-та халықаралық қатысумен "Отбасы, мектеп, университеттің және қоғамдық институттардың бірлескен күш-жігері: үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және дамыту" республикалық педагогикалық форумы өтті.
Форум Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келген мамандарды біріктіре отырып, педагогтар, ғалымдар, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері үшін маңызды диалог алаңына айналды.
Пленарлық отырыс (офлайн-формат) шеңберінде білім беру мекемелері мен отбасының баланың жеке басын қалыптастырудағы өзара іс-қимылының негізгі мәселелері талқыланды. Пікірталасқа білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ғалымдар мен ата-аналар комитеттерінің өкілдері қатысты.
Секциялық отырыстар ZOOM платформасында аралас форматта (онлайн/офлайн) өтті. Талқылау барысында қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбиенің табысты практикаларын ұсынды және білім беру жүйесінің алдында тұрған заманауи сын-қатерлерді талқылады.
Форум отбасының, мектептің, университеттің және қоғамдық институттардың үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеудегі бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын растады. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және сындарлы диалог үшін алғыс айтамыз!