Бүгін, 2025 жылдың 16 қаңтарында Ш.Уәлиханов атындағы университеттің ардагерлер ұйымының есептік – сайуал кездесуі өтті. Ардагерлер қауымдастығының 2024 жылға арналған есебін ардагерлер ұйымының төрағасы Қанитаева Карима Паритқызы ұсынып, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Ол өз еркімен, жеке мәселелеріне байланысты кететінін мәлімдеді, содан кейін жаңа басшылық сайлауы өтті.Ардагерлер ұйымының жаңа төрағасы болып ректордың кеңесшісі А.А.Сейтқасымов сайланды. Ұйымның құрамына үш орынбасар да кірді: Сугиралиев Д., Дробышева Л.Д. және Мадетова Р.Ж.
Төрағаның кеңесшісі Хайролла Идаятұлы Қамбаров болды.Жиынға университеттің түрлі құрылымдық бөлімшелерінен 30-ға жуық ардагер қатысты. Қатысушылар 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, көкейтесті сұрақтарын қойып, түсіндірмелер алды.
Бұл шара ардагерлердің университеттің дамуына және оның дәстүрін нығайтуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.