Бүгін 20.10.2022ж. сағат 11:00-де Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Конституцияның өзгеруі – уақыт талабы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.
Сырлыбаев Марат Қадірұлы– университет ректоры, Байтук Ғалым Симбекұлы - бірінші проректор, Сейтқасымов Аманай Асылбайұлы - ректордың кеңесшісі құттықтау сөз сөйледі.
Шақырылған қонақтар: Майлыбаев Айдос Серікханұлы - Ақмола облысының прокуроры, Мұқанов Болат Өміржанұлы – Ақмола облысының Әділет департаментінің бастығы, Рахимов Арман Тастемірұлы – Қазақстан Республикасының Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі департаментінің басшысы, Ералы Бақытжан Ерболатұлы – Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, Дегенбаев Қазбек Аркадьевич-Көкшетау қалалық сотының төрағасы.
Сондай-ақ конференцияға Ташкент мемлекеттік университетінің, Қырғыз ұлттық университетінің және Алтай мемлекеттік университетінің әріптестері қатысты.
Сондай-ақ конференцияға Ташкент мемлекеттік университетінің, Қырғыз ұлттық университетінің және Алтай мемлекеттік университетінің әріптестері қатысты.Конференцияда қозғалған тақырыптар: "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері", "Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуеті: тұжырымдамалау және іске асыру мәселелері".