Бүгін, 25.04.2023 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде "Zoom" қосылымымен дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара ғылым айы аясында өтті, ал ертең, 26.04.2023 жылы - Дүниежүзілік зияткерлік меншік құқығы күні. Дөңгелек үстел нәтижесінде " Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ базасында технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығын құру туралы келісімге қол қойылды. Іс-шараға университеттің бірінші проректоры Ғалым Симбекұлы Байтук,Ақмола облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Самат Мұратұлы Сайдалин, Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Медет Орынбекұлы Едрисов, интернационалдандыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Жайлагүл Оралқызы Сағындықова жәнеҚР ҒЗИ Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Төлеутайқызы Шертышева қатысты.
Бұл келісім технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының құрылуы мен жұмыс істеуін реттейді. Сонымен қатар, бұл келісім университетке Ұлттық зияткерлік меншік институты РМК мен дүниежүзілік ұйым арасында қызмет көрсетуге, патенттік және патенттік емес ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл келісім табысты нәтиже беретініне сенімдіміз.