Бүгін, 2023 жылдың 26 желтоқсанын күні КЕАҚ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» Диссертациялық кеңесінде 6D060800 – Экология мамандығы бойынша "Солтүстік Қазақстанның табиғи-антропогендік экожүйелеріндегі химиялық элементтердің жинақталуы мен таралуын экологиялық-Биогеохимиялық бағалау" Байкенова Гүлім Еркінқызының философия докторы (PhD ) дәрежесін іздену үшін Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлы – б.ғ. д., проф., ҚР ҰҒА академигі, "КЕАҚ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" жасушалық биология және биотехнология институтының директоры; Какабаев Әнуарбек Аязбайұлы-б.ғ. к., "Тау-кен ісі, Құрылыс және экология" кафедрасының қауымдастырылған проф. м. а., КЕАҚ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ХЖБ бойынша ректордың кеңесшісі; Барановская Наталья Владимировна – б.ғ.д., Томск политехникалық университетінің Табиғи ресурстар инженерлік мектебінің геология бөлімінің профессоры ғылыми кеңесшілердің басшылығымен диссертациясын қорғады.
Г.Е.Байкенованы және оның ғылыми кеңесшілерін Берсімбай Р.І., Қақабаев Ә.А. және Барановская Н.В. сәтті қорғаумен шын жүректен құттықтаймыз, Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, жемісті еңбек тілейміз!!!Ғылыми жолыңыз әрқашан тың идеяларға, нәтижелерге бай болып, ғылымның дамуына үлес қоса берсін!