Бүгін, 2025 жылдың 29 қазанында, BOLASHAQ SARАУІ басшылығының бастамасымен 2025 жылғы 14–17 қазан аралығында Алматы қаласында өткен Инклюзия жөніндегі Әлемдік конгресс қатысушыларының ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қауымдастығымен кездесуі өтті.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен «Инклюзивті білім беру және нейроәртүрлілік» ғылыми-зерттеу зертханасы атынан зертхананың жетекшісі Лепешев Д.В. қатысты.

Бейресми әңгімелесу барысында Ақмола облысының делегаттары Конгресстен алған әсерлерімен, шетелдік сарапшылармен өткен кездесулер мен панельдік талқылаулардан түйген ойларымен бөлісті.Кездесу қорытындысында барлық қатысушылар Көкшетау қаласы мен Ақмола облысында инклюзивті ортаны дамыту бағытында жаңа ынтымақтастық көкжиегі мен өзара қолдауға үміт білдірді.Кездесуді қызықты әрі ақпараттық форматта ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз.