Бүгін инженерлік технология және көлік кафедрасының ассистент профессоры Шунекеева Алма "ЖОО үздік оқытушысы-2023"байқауының жеңімпазы атанды

Алма Шунекеева өз жұмысында айтарлықтай жетістіктерге жеткен жас әрі талантты оқытушы. Ол көптеген байқаулардың қатысушысы, сонымен қатар университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

Алма азық-түлік өнімдері технологиясы саласында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие.

Ол халықаралық журналдарда жарияланған 10-нан астам ғылыми мақалалардың авторы.Алма Шунекееваны "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2023" байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

Жұмыста және шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруда одан әрі табыс тілейміз.