Бүгін Аманат партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов Ualikhanov University ректоры Марат Сырлыбаев пен ректор кеңесшісі Аманай Сейтқасымовқа Алғыс хаттар табыстады.

Марапаттар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі, республикалық референдум қарсаңында құрылған Жалпыұлттық коалицияның облыстық штабының белсенді мүшелері ретінде жүргізген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысқаны, сондай-ақ жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі қызметі үшін табысталды.

Кездесу барысында университеттің студент жастар арасында азаматтық жауапкершілікті, құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтілді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар жастардың ел дамуына саналы түрде атсалысуына негіз болуда.

Ualikhanov University қоғамның белсенді, жауапты әрі бастамашыл буынын қалыптастыруға бағытталған қызметін алдағы уақытта да жалғастыра береді.

Марат Қадірұлы мен Аманай Асылбайұлын жоғары марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс тілейміз!