Бүгін «Қаржылық пирамидаларды қалай тануға болады, дропперлер кімдер және заңды бұзбау туралы басқа да кеңестер» тақырыбында «АФМ online 2024» ауқымды форумы өтті.
Шара экономика, білім және ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші сарапшылардың басын қосып, өз тәжірибесі мен білімін кең аудиториямен бөлісті.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – қаржылық пирамидалардың, «Дропперлердің» және краудфандингтің белгілерін түсіндіру, сонымен қатар блогерлердің заңды қызметін жүргізудің құқықтық нормаларымен таныстыру.
Форумға қатысушылардың қатарында облыстық экономикалық тергеу департаментінің басшылары, еліміздегі ең үздік 35 жоғары оқу орнының өкілдері, оның ішінде Ш.Уәлиханов атындағы университеттің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ танымал блогерлер болды.
"АФМ online 2024" форумы қаржылық сауатты қоғам құруға жасалған қадам болды.