Бүгін Ualikhanov University-е жыл сайынғы диплом табыстау рәсімі өтті. Бұл дәстүр университетіміздің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында басталды.

Салтанатты шараны ректор Марат Сырлыбаев ашып, студенттерді құттықтап, көптен күткен дипломдарын табыс етті. Іс-шараға түлегіміз, Ualikhanov University түлектері қауымдастығының төрағасы, «Цифрлық үкіметті қолдау орталығының» бас директоры Рүстем Бигари шақырылды.

Ualikhanov University-ң барлық түлектерін құттықтаймыз және сәттілік, бақыт және өркендеу тілейміз! Бұл күн — сіздердің өмір жолдарыңыздың басы, онда бағынбаған шыңдар, өзін-өзі тану және жаңа жеңістер күтеді.