Бүгін ректор Марат Сырлыбаев Гүлмира Тоқтарқызы Уалиева мен Гүлім Еркінқызы Байкенованы салтанатты түрде құттықтады. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен Гүлмира Тоқтарқызы Уәлиеваға D080100-Агрономия білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Байкенова Гүлім Еркінқызына 6D060800 «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі де берілді.

Құрметті әріптестерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз және ғылыми қызметімізге одан әрі табыс тілейміз!