Бүгін Ualikhanov University ректоры Марат Қадырұлы Сырлыбаев Эстония Республикасының Президенті Алар Кариспен кездесуге қатысты. Кездесу аясында Президент Карис ғылым және білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық, цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі білімді дамыту мәселелеріне арналған қонақ дәрісін Назарбаев Университетінде өткізді.
Эстон делегациясының ресми сапары «Ректорлар форумы» атты дөңгелек үстел форматында жалғасты. Бұл алаңда қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары мен жетекшілері Эстонияның жетекші университеттерінің ректорларымен кездесті. Ualikhanov University үшін форум маңызды оқиға болды, себебі университет.
Эстон табиғи ғылымдар университетімен меморандумға қол қою Ualikhanov University-дің халықаралық байланыстарын нығайтып, студенттер, оқытушылар және өңірдегі жас ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.