Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы өтті.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қызметкерлері жарияланған бастамалар мен алдағы жоспарларды мұқият қадағалап, тікелей эфирді қызығушылықпен тыңдады. Жолдау барысында Мемлекет басшысы шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты күшейтіп, тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті. Мұндай қадамдар білім сапасын арттыруға, озық зерттеулер мен инновациялармен алмасуды жақсартуға және халықаралық сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.