Бүгін Ualikhanov University Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Сейтқалиұлы Ғайсаны қарсы алды. Кездесу университеттің табысты түлектеріне арналған іс-шараларды іске асыру аясында "Ualikhanov University түлектерінің қауымдастығы" ҚҚ бастамасымен өтті.
Іс-шараның мақсаты - Ualikhanov University студенттерін қызықты адам, табысты менеджер және Көкшетау қаласының бірінші басшысы Бауыржан Ғайсамен таныстыру.Осы кездесудің арқасында студенттер Ualikhanov University-дің танымал түлектерінің бірі, қала әкімінен сәтті іс құрудың негізгі принциптері туралы білуге мүмкіндік алды.Әкім табысқа жету жолы туралы айтып берді.
Студенттер өз кезегінде қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.
Бауыржан Сейітқалиұлына уақыт бөлгіп келгені үшін алғыс айтамыз!