Бүгін Ualikhanov University 2023 жылғы "Әділетті Қазақстанды құрудағы жоғары білім мен ғылымның рөлі " Ғылым және жоғары білім форумы аясында "ЖОО студент жастарын әлеуметтендіру векторлары" панельдік сессиясына қатысты.

Форумға ҚР жоғары оқу орындарының Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлары қатысты.

Кездесу модераторы - Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Форумда "Студенттік спортты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу туралы", "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат", "Білім алушылардың интегралды әлеуметтік GPA-ны оқу үдерісіне енгізу туралы", "Ғылым және жоғары білім министрі жанындағы студенттер кеңесінің және омбудсмендер институтының жұмыс жоспары", "Жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу", "Студенттер арасында нашақорлықтың жүйелі алдын алу шаралары", "Студент жастармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру: көпсалалы тәсіл" сияқты тақырыптар таныстырылды.

Қатысушылар баяндалған тақырыптарды белсенді талқылап, өз ұсыныстарын енгізді.

Кездесуге студенттік омбудсмендер, комплаенс офицер, психолог, пікірсайыс клубтарының қатысушылары, сондай-ақ студенттер кеңесінің активі қатысты.