Бүгін Ualikhanov University салтанатты марапаттау рәсімін өткізіп, профессор-оқытушылар құрамының білім беруді дамытуға қосқан зор үлесін марапаттады.

А.Т. Хусаинов ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, И.В. Сердобинцева "Ualikhanov University дамуына қосқан үлесі үшін" 1 дәрежелі медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, Ерболат Баят, М.Ж. Талпакова, Г.Т. Құсайынова, Ж.А.Зулкарнаева қоғамымыздың түрлі салаларына қосқан маңызды үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің,

Ақмола облысының Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының және Мәдениет басқармасының Алғыс хаттары және А.М. Сургановаға "Агрономия" саласында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.

Әріптестірімізді құттықтап, олардың адал еңбегі үшін алғыс білдіреміз.