Бүгін Ualikhanov University-ті Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлерін қарсы алды. Олардың қатарында Көкшетау қ. ПБ МӨҚҚ МЖӘ инспекторы, полиция лейтенанты Э.А.Трайбер, Көкшетау қ. ПБ МӨҚҚ учаскелік инспекторлары бөлімшесінің бастығы, полиция майоры С. М. Саденов, полицияның қоғамдық көмекшісі В. Р. Зиганшин және ПД МӨҚҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспектор, полиция капитаны А. Б. Дауенова бар.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына сәйкес, «Әйелдерге қатысты зорлы-зомбылықсыз 16 күн» атты дәріс өткізілді.
Негізгі мақсаты – көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтіп, бағытталып, қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру.
Полиция департаменті құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы тәжірибесімен бөлісті және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудағы отбасылық құндылықтардың маңыздылығын талқылады.
Полиция өкілдеріне берілген ақпарат үшін рахмет.