Бүгін университетке Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақтияр Хайрболатұлы Өтекин, сондай-ақ Көкшетау қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанатбек Ақылбекұлы Ешімов келді.
Студенттерге арналған дәріс киберқауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Іс-шара барысында киберқылмыстан қорғануға байланысты мәселелер талқыланды.Өзіңізді киберқылмыстан қорғау-қазіргі білім берудің ажырамас бөлігі.
Біз қонақтарға студенттерімізге және білім беру процесінің барлық қатысушыларына виртуалды әлемде саналы және қауіпсіз болуға көмектесетін құнды білімдері мен ұсыныстары үшін алғыс айтамыз.