Отырыс барысында студенттерді бейімдеу, әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ тәрбиелік жұмыстарды жетілдіру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өңірде «Серпін» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға бағытталған өз ұсыныстарын ортаға салды.

Отырысқа Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени жұмыс жөніндегі проректоры Қапышев А.К., мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жетекшісі Тәжмиева А.А., Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Каримова Г.Т., Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің бірінші проректоры Каримова Л.Ж., ТжКБ және кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Нұралин Н.М., сондай-ақ екі университеттің студенттері мен облыстық жобалық офис мүшелері қатысты.

Отырыс «Серпін» бағдарламасын өңірде жүйелі әрі нәтижелі іске асыруға бағытталған маңызды алаң болды.