Бүгін университетімізде «Жастық жалын» атты кездесу кеші өтті
Бүгін университетімізде «Жастық жалын» атты кездесу кеші өтті. Арнайы қонағымыз — әнші әрі сазгер Ахметқожа Мәди болды.Кеш барысында ол өзінің әндерін орындап, студенттермен еркін форматта диалог құрды. Сұрақ-жауап бөлімі қызықты әрі мазмұнды өтті. Сонымен қатар, түрлі интерактив ұйымдастырылып, студенттер белсенді қатысты.
Осындай әсерлі кездесу кеші үшін Ахметқожа Мәдиге алғысымызды білдіреміз!