Бүгін біздің университет қабырғасында «Aмаnat» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Talqylau» қоғамдық диалог алаңы өтті.
Бұл алаңның ерекшелігі – қоғамдағы түйткілді мәселелерді, халықтың проблемаларын қозғап, оның шешілуіне ықпал ету.Жастарды қолдау – болашаққа салым салғанмен тең.
Бұған елдегі бірталай жоба дәлел бола алады. «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Серпін» мен «Жастар кадрлық резерві» біршама жастың үлкен өмірге қанат қағуына көмектесті.
Бүгін біздің алаңға мәслихат депутаттары, ғылыми зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық сектордың өкілдері, жастар қатысты.