Бүгін университет қабырғасында Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған елеулі ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Сәкен Сейфіллин- көрнекті ақын, жазушы, композитор, фольклоршы, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында терең із қалдырған.«Қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Сәкен Сейфуллин» деген атпен өткен конференция ішкі саясат басқармасының облыстық бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Шараға қоғам мен қала басшылығының маңызды өкілдері, сондай-ақ белгілі ғалымдар мен зерттеушілер жиналды. Қатысушылар өз сөздерінде Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяның ғана емес, оның қазақ әдебиетінің жеке әдеби құбылыс ретінде қалыптасуына қосқан үлесін де талқылады.
Конференция пікір алмасудың маңызды алаңына айналды, оның барысында Сәкен Сейфуллин мұрасына қатысты тың ғылыми көзқарастар мен идеялар айтылып, оның қазіргі заманға әсері туралы мәселелер көтерілді.