Бүгін Ualikhanov University-де Ақмола облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту және ілгерілету бойынша форум өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – ұйымдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын алудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Бүгінгі форумға Ақмола облысы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Рахимов А.Т, әкімінің орынбасары Тайжанов А.А, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Сырлыбаев М.К, Ақмола облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының директоры Газдиева Б.А, Ақмола облысының «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Жайыкбаев Е.М, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Рахметулина Б.С, Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің және комплаенс-қызмет қызметкерлері қатысуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ілгерілету мақсатында, университет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» бейінді магистратурасының білім беру бағдарламасын енгізді. Білім беру бағдарламасын әзірлеушілер университеттің оқытушылар құрамы және ҚДП басшысы Арман Рахимов болып табылады.