Бүгін Ualikhanov University-е «Аманат» партиясының «Шоқан» бастауыш партия ұйымының есебі өтті. Шараны ректордың кеңесшісі, “Шоқан” бастауыш партиясы ұйымының төрағасы Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы жүргізді.
Жиынға Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Дастан Акимов қатысып, өз қолдауын білдіріп, алдағы уақыттағы даму жолындағы ойларымен бөлісті.Шара барысында жаңа қатысушыларға партиялық билеттер салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл олардың пікірлестер мен белсенділер ұжымына қосылуының символы болды.Сондай-ақ университеттің бір жыл ішінде өткізген барлық іс-шаралардың таныстырылымы өткізілді.
Университет белсенді қатысқан маңызды әлеуметтік жобалар мен бағдарламалар, соның ішінде волонтерлік, экологиялық және мәдени іс-шаралар талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен модераторларға тамаша шара үшін алғыстарын білдірді, сондай-ақ болашаққа арналған жоспарлар мен одан әрі ынтымақтастық пен даму мүмкіндіктерін талқылады. Шара партия мүшелерінің бірлігі мен ынтымағын нығайта отырып, жылы әрі достық жағдайда өтті.