Бүгін Ualikhanov University-де жыл сайынғы "Шоқан жұлдыздары" атты тамаша жастар фестивалі өтті, онда оқу орнының теңдесі жоқ жұлдыздары жоғары бағаланып, лайықты марапатталды!Бұл күн тек студенттер үшін ғана емес, сонымен бірге талантты достарын құттықтау және қолдау үшін жиналған бүкіл университет қоғамы үшін мереке болды. Әр түрлі салада ерекше жетістіктерге жеткен төртінші курс студенттері басты назарда болды. Фестиваль аясында келесі аталымдар ұсынылды: 1. "Белсенді шығармашылық қызметі үшін";2. "Оқу және ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктері үшін";3. "Белсенді қоғамдық қызметі үшін";4. "Спорттағы жетістіктері үшін".

Студенттерге марапаттар тек жеке жетістіктері үшін ғана емес, сонымен қатар университет қауымдастығының дамуына қосқан үлесі үшін де беріледі.Барлық марапатталған студенттерді құттықтап, оларға университет жастарын шабыттандыратын үлгілері, қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз! "Шоқан жұлдыздары" жарқын нұрымен жарқырап, олардың өміріндегі жарқын сәт болсын.