Бүгін Ualikhanov University-де Қадіржан Қабиденұлы Әбуевтің 85 жылдығына арналған "Абуев оқулары-І" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Белгілі өлкетанушы Қадіржан Әбуев - 300-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 монографияның авторы. Қадіржан Қабиденұлының ғылыми жетекшілігімен 4 тарих ғылымдарының кандидаты және 30 тарих магистрі дайындалып, үш энциклопедия жарық көрді: Ақмола облысы, Ш.Ш. Уәлиханов, Абылай хан.
Пленарлық отырыс көрнекті тұлғалардың қатысуымен өтті. Олардың ішінде Шоқан Уәлиханов атындағы университет ректоры М.К. Сырлыбаев, тарих ғылымдарының докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры А.Күзембайұлы, тарих ғылымдарының докторы, Ресей ІІМ Уфа заң институтының профессоры Р.Г.Буканова, тарих ғылымдарының докторы, Астана қаласындағы Мемлекет тарихы институтының профессоры А.М.Ауанасова және тарих ғылымдарының докторы, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры М.К. Чуркин.
Іс-шараны ұйымдастыруға және модерациялауға ректордың кеңесшісі А.А. Сейтқасымов маңызды үлес қосты.Конференция басталғанға дейін Қ.Әбуев тұрған үйде мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Сонымен қатар, ректор Роза Бұқанова мен Аманжол Күзембаевқа "Ualikhanov University дамуына қосқан үлесі үшін" 1 дәрежелі медальдарды табыс етті.
Бұл оқиға ғылым мен білім алмасудың нағыз мерекесі болды!