Дәуірге қарамастан, қай қоғамда халықты алаңдататын елді тәртіпке келтіретін бір заң болуы керек. Қасым ханның "Қасқа жолы" мен Есім ханның "Ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті Жарғысы" қазақ жиналып, ел болуға септігін тигізді. Ал бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні тойланады.
Бүгін Ualikhanov University-де «Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихи даму жолы » атты ғылыми конференция өтті. Ұйымдастырушылары:Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті,Ақмола облыстық адвокаттар алқасы және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті.Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының конституциялық құқық ұғымы құқықтанудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ғылыми зерттеулердің міндетін анықтап қана қоймай, сондай-ақ заң практикасының жалпы бағытына заңды түсініктеме беру болып табылады. Ғылыми білімнің міндеті-қоғамдық өмірдің бетіндегі құқықтың әр түрлі көріністерінің артында оның нақты мәнін, әлеуметтік табиғатын және жалпы адамзаттық құндылығын табу болып табылды, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қазіргі кезеңдегі даму тенденциялары бойынша талқылау жүргізіп ,болашағы туралы ой пікірлер айтып бөлісу.Конференция соныңда қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауаптарын алды.Барлықтарыңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!