Бүгін Ualikhanov University-е конституциялық құқық саласындағы жетекші сарапшылардың бірі – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Оңғарбаев Еркін Әнуарұлымен кездесу өтті. Оның «Конституциялық сот және оның қылмыстық құқық шеңберіндегі құқықтық ұстанымдары» атты лекциясының тақырыбы Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттері арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Еркін Әнуарұлы өз дәрісінде кәсіби тәжірибесінен мысалдармен бөлісті, Конституциялық Сотта қаралған күрделі құқықтық мәселелерге және бұл шешімдердің Қазақстанның құқықтық жүйесіне қалай әсер еткеніне тоқталды. Дәрісте сонымен қатар конституциялық құқықтың дамуы мен оның қылмыстық құқықпен өзара әрекеттестігінің өзекті мәселелері талқыланды.
Еркін Әнуарұлына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Университет ректоры Марат Сырлыбаев оған профессорлық шапан мен дипломды салтанатты түрде табыс етіп, құқықтық білім мен еліміздің құқықтық мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Еркін Әнуарұлымен кездесу студенттер үшін болашақ заңгерлік қызметінде көмектесетін құнды білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік берген маңызды оқиға болды.