Бүгін Ualikhanov University -де ардагер-мұғалім Ахметова Тыныштық Мұқатқызының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мансабының басынан бастап мектеп директоры және аудандық білім бөлімінің меңгерушісі лауазымдарына дейін көтерілу әр адамның қолына келе бермейді

Оның еңбекқорлығы мен жұмысықа деген адалдығы лайықты құрметке ие.Университет ректоры Тыныштық Мұқатқызына «Ualikhanov University дамуына қосқан үлесі үшін» 1 дәрежелі медалін табыс етті.

Жиналғандар оның жарқын жетістіктері алдында ризашылық сөздерін білдірді. Тыныштық Мұқатқызына одан әрі табыс, денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз.