Іс-шараны «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Спикер ретінде қордың Астана қаласындағы филиалының директоры Талғат Меңдібай қатысты.

Аталған ұйым жастардың азаматтық санасын дамыту, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.Семинар барысында Талғат Меңдібай студенттермен адам құқықтары, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер және өз құқықтарын қорғау жолдары туралы пікір алмасты. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды.

Іс-шара «Заң және құқық» тұжырымдамасы аясында өтіп, студенттер арасында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті насихаттауға бағытталды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және саналы азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал ететін маңызды бастамалардың бірі.