Алексей Драль – ақпараттық технологиялар мен білім беру саласындағы сарапшы, Amazon AWS, Yandex және Rambler сияқты ірі компанияларда жұмыс істеген. Сонымен қатар, ол Machine Learning, Big Data, MBA, MPA және Chief Data Officers үшін арналған CDO бағдарламаларының авторы әрі оқытушысы болып табылады. Бұл бағдарламалар Ресей, Еуропа және Азияның жетекші жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Алексей Драль Yandex-пен бірлескен халықаралық Big Data for Data Engineers жобасының жетекшісі. Аталған жоба әлем бойынша 100 000-нан астам тыңдаушыны қамтыған.
Сапар барысында университет басшылығымен және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының студенттерімен кездесулер өтті. Алексей студенттермен ғылым мен бизнестің өзара байланысы жөніндегі тәжірибесімен бөлісіп, жасанды интеллект пен деректерді талдау саласындағы заманауи үрдістер туралы айтты.
Университет басшылығымен өткен кездесуде Data Science және ақпараттық технологиялар бағыттарындағы білім беру бағдарламаларын дамыту және бірлескен курстар әзірлеу мәселелері талқыланды.
Ualikhanov University жетекші сарапшылар мен компаниялармен серіктестікті нығайта отырып, студенттерге заманауи IT-индустрияның өзекті білімдері мен үздік тәжірибелеріне қол жеткізуге мүмкіндік жасауда.