Бүгін Ualikhanov University-е «Аманат» партиясы, Ақмола облыстық атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі халықтық штабтың ұйымдастыруымен университет ұжымымен кездесу өтті. Шара облыс үшін маңызды тақырыпты талқылауға белсене қатысқан ұстаздар мен қызметкерлердің назарын аударды.
Отырыс барысында штаб өкілдері АЭС құрылысы жобасының еліміздің энергетика саласын дамытудағы маңызы, сондай-ақ ықтимал экономикалық және экологиялық зардаптары туралы айтты.Негізгі презентациядан кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті, онда қатысушылар жобаның қауіпсіздігіне, атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибеге және атом электр станцияларының экономика мен экожүйеге болашақ әсеріне қатысты сұрақтар қоя алды.