Бүгін Ualikhanov University-де Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне арналған Ақмола облысының «Ғылымдағы әйелдер» бағыты бойынша «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының алғашқы отырысы өтті.Іс-шараның модераторы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Досжанқызы Жакупова болды. Қонақтардың қатарында «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалының жауапты хатшысы Берген Маратұлы Беспалинов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ким Вера Александровна және «Аманат» партиясы жанындағы Республикалық әйелдер қанатының басшысы, сондай-ақ «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалының әйелдер қанатының басшысы және облыстық мәслихат депутаты Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы болды.

Кеңестің бекітілген құрамы мен кеңестің жұмыс жоспары ғылыми саладағы әйелдерді қолдау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Осы бастаманың барлық қатысушыларының табысты ынтымақтастығы мен нәтижелі өзара іс-қимылына үміттенеміз.