Ш.Уәлиханов университетінде бүгін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті ақын, аудармашы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірованың 65 жылдығына арналған «Жанымда алау жыр тұнып» атты еске алу әдеби кеші өтті.
Іс-шараны университет ректоры Сырлыбаев М.Қ ашты.
Кеш қонақтары ретінде: PhD, қауымдастырылған профессор Ерболат Баят; ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сәбит Жәмбек; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Ресей Жазушылар одағының «Василий Шукшин» Алтын медалінің иегері, ақын, жазушы Есенгелді Сүйінов шақырылды.
Кеште «Әйел мұңы», «Ақ қайың», «Қас-қағым», «Бурабай»,«Жүрегім көтерер ме күн ыстығын?», «Жүрек жасы» атты өлеңдері оқылып, көрермеңдердің жүректерін бір тербеп алды.