Мемлекеттік тілді танымал етуге, қолдану аясын кеңейту бағытында бүгін Ualikhanov университетінде «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Miras» облыстық Қоғамдық кеңесінің «Ақмола облысы тіл саясатының ахуалы және перспективалары» тақырыбы бойынша отырысы өтті.
Қатысушылар: кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, университет студенттері.
Кеңес отырысын Қоғамдық кеңес төрағасы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі А.А.Сейтқасымов ашып, жүргізді.
Отырыс барысында қатысушылар өз ойларымен ашық бөлісіп,
қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Шара қорытындысы бойынша тиісті органдарға ұсынымдар бар хаттама әзірленіп, жіберілетін болады.