Күміс университет: 2024-2025 оқу жылының 2-семестріне дайындық

2025 жылдың 8 қаңтарында ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор Айгүл Жакупованың қатысуымен Күміс университеттің тыңдаушылары мен оқытушыларының жалпы жиналысы өтті.

Күн тәртібінде: 1-семердің қортындылары және 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарлар.

Университет ректоры М.К. Сырлыбаевтың алғыс хаттарымен жеке кәсіпкер, "Рукодея" арт-студиясының жетекшісі Андроняк Елена, цифрландыру бөлімінің маманы Альмусаев Олжас, университет студенттері Багров Владимир, Мұхамедина Азалия және Динара Орал марапатталды. Марапатталғандардың барлығы Күміс университеттің тыңдаушыларына арналған мастер-класстар мен экскурсиялық турлардың белсенді қатысушылары болды.

Жиналыста тыңдаушыларға оқу жылының екінші семестрінде ақылы негізде ұсынылатын 10 жаңа білім беру бағдарламасы таныстырылды.

Тыңдаушылар өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, бірден жауап алуға мүмкіндік алды.