Көкшетаудағы Уалиханов университетінің Күміс университеті – бірнеше бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік жоба, соның ішінде Senior Travel бағыты ерекше орын алады. Саяхат барысында тыңдаушылар Ақмола өңірі мен Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи нысандарымен қуана танысып, дүниетанымдарын кеңейту мақсатында шетел елдеріне де сапар шегеді.
2025 жылдың 10–17 қазан аралығында Күміс университетінің тыңдаушылары Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциясындағы Санья қаласына барды. Тұру Sunshine Resort Intime Sanya қонақ үйінде ұйымдастырылды.
Сапардың мақсаты: Қытайдың тарихымен, дәстүрлерімен және мәдениетімен танысу.
Топ құрамында 13 тыңдаушы және үздіксіз білім беру институтының әдіскері Любовь Дробышева болды.
Қатысушылар Ли және Мяо этникалық ауылына, «Феникс» саябағына, Романтикалық саябаққа және жылу көздеріне (термалды бұлақтарға) барды. Қабылдаушы тарап шай фабрикасына, акула фермасына және жібек өндіретін комбинатқа танымдық экскурсиялар ұйымдастырды. Барлық нысандар Қытай халқы мен ұлттарының тұрмыс-тіршілігі, тарихи және мәдени құндылықтары туралы ерекше мәліметтерге толы болды.Тыңдаушылар қазіргі заманғы Қытай және оның азаматтарымен үнемі байланыста болды. Барлық нысандарда топты орыс тілінде сөйлейтін гидтер қарсы алды. Олардың әңгімелерінде провинция, оның халқы туралы статистикалық және өзекті мәліметтер қамтылды, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен және қонақүй қызметкерлерімен қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді үйретті.
Күміс университетінің тыңдаушылары дәстүрлі қытай медицинасымен денсаулығын жақсарту мүмкіндігіне ие болды. Қалалық саябақтағы және жағажайдағы би алаңдарында ұйымдастырылған кездесулерге қатысты. Жергілікті асханамен және экзотикалық жемістермен танысты.
Сапарды ұйымдастырған кәсіпкер Сергей Родинге үлкен алғыс білдіреміз. Ол демалысқа ыңғайлы орындар мен танымдық экскурсияларды алдын ала таңдап, топпен үнемі байланыста болды.
Тыңдаушылар Күміс университеті курстарында білім алушыларға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін университет ректоры Марат Сырлыбаевқа зор алғыс білдіреді!